Достар!
Біз ғасырлар бойы табиғатпен етене жақын өмір сүріп, оны аялау қажеттігін ұғынған халықпыз.
«Aıala» – бұл жай ғана өнер фестивалі емес, бәріміздің планетамызға қамқорлық жасауға деген құлшынысымызды арттырып, осынау баға жетпес құндылығымызды одан ары байыта түсу мүмкіндігі.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» және «Halyk» қайырымдылық қорымен бірлесіп, бүкіл қоғамды планетамызға қамқорлық жасауға шақыратын «Аiala» өнер фестивалін ұйымдастырып отыр.
Ең бастысы, "Aiala" үшін бұл міндетті жүзеге асырушы – Қазақстанның болашағы – жас ұрпақ.
Бірегей жобаға шығармашылыққа құштар, экология мәселесіне бей-жай қарамайтын жастар қатысады.
Жас таланттардың шығармашылығы тек өнермен ғана шектелмейді. Бұл - елімізді, жерімізді дамытудың жаңа жолдарын іздеу құралы.
Біздің қор осы тарихи оқиғаға мұрындық болып отырғанын мақтан тұтады. Әрқайсыңыз осы жерден шабыт, мотивация алып, қолдау табасыздар деген ойдамыз.
Кішкентай қадамдар үлкен өзгерістерге жол ашады және «Аiala» - сол өзгерістердің басы.
Шығармашылық арқылы әлемді жақсартайық!
Құрметпен,
«Halyk» қайырымдылық қоры